«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі

Негіздеме - «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы, Өскемен қаласы мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімі.

Кімге тиісті

Тұрғын үй көмегіне Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған, тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасылар құқылы.

Тұрғын үй көмегі төленеді:

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

Коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Тұрғын үй көмегі аудан бойынша әлеуметтік норма шегінде жоғарыда көрсетілген қызметтерге төлім отбасының жалпы табысының 7 пайызынан асатын отбасыларға жергілікті бюджет қаражаты есебінене көрсетіледі. Аудан нормасы - әр адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 35 шаршы метрден аспау қажет.

Аз қамтылған отбасының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын жиынтық табысы мен шығыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орташа есептеледі.

 Өтініш беруші тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік органға тікелей хабарласпай құжаттарды жолдай алады.

Қажетті құжаттар:

  • Нысанға сәйкес өтініш;
  • жеке куәлік;
  • отбасының кірісін растайтын мәлімет;
  • жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
  • алименттер туралы мәліметтер;
  • банктік шоты;
  • коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күн.

Кеңес алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Шәкәрім даңғылы, 149/10, 19 кабинет