14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні әлем бойынша аталмыш ауруға шалдыққандар саны 530 миллионнан асыпты. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қант диабеті жиі кездеседі. Халықаралық диабет федерациясы бүкіл әлемде қант диабетімен ауыратындар саны артып келе жатқанын айтып дабыл қаққан.
Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасыны штаттан тыс бас эндикринологы Бибинұр Сафиуллина айтты. «ШҚО-да қант диабетіне шалдыққа 23 473 науқас тіркелген. Оның 90%-дан астамы, яғни 22 191 адам 2-типті қант диабетімен ауырады», - деді ол.
Айта кету керек, Қазақстанда қант диабеті тегін емделеді. Тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында және МӘМС шеңберінде ауруларды басқару бағдарламасы шеіберінде тегін көмекпен қамтылып отыр.
«Адамдар қазір жұмысына байланысты аз қозғалады, көбіне көлікпен жүреді. Аз қозғалу салдарынан және дұрыс тамақтанбау салдарынан қант диабеті пайда болады. Әсіресе, қазіргі күні балалар мен жасөпірімдерде зиянды тағамдар, фастфуд көп тұтынады. Соның әсерінен балалар арасында да екінші типтегі қант диабеті артып келеді. Бұрынғы статистикаға сүйенсек, екінші типтегі диабетпен 40 жастан асқан азаматтар ауырса, қазір 25-тен асқандар тіркеледі», - дейді ШҚО ДСБ бас эндокринологы Бибинур Сафиуллина.
Қант диабетінің бірінші типі (инсулинге тәуелді) инсулин бөлетін ұйқы безі қызметінің проблемаларымен байланысты.
Қант диабетінің екінші типі (инсулинге тәуелсіз) ұзақ уақытқа дейін еш белгісіз өтеді. Бұл кезде инсулин ағзада жеткілікті, бірақ ол қажет түрде жұмыс істемейді.
«Қант диабетін алды алудың бірден бір жолы – скринингтен өту. Қазіргі күні скрининг тексерулер арқылы кез клеген ауруды ерте сатысында анықтап, емдеу әдістерін жеңілдетуге болады. Алайда, тұрғындар өз денсаулығына жауапсыздық танытып, скринингтен өтуге немқұрайлы қарайды. Кейбірінде диагноз қойылуы мүмкін деген қорқыныш болады. Тұрғындарды тексеруден уақытылы өтіп, денсаулығыңызға көңіл бөліміз деп айтқым келеді», - дейді Бибинұр Сафиуллина.