
2020 жылғы 22 сәуірде 11 сағат 47 минутта «Зеленый лог» бау-бақша қоғамының аумағында, саяжай учаскесінде алаңы 60 кв.м қоқыс және алаңы 15 кв.м қоршау құрылысының ағаштары жанды. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда: отпен абайсыз болу.
2020 жылғы 22 сәуірде 12 сағат 19 минутта Нұрлы-Көш кентінде Кербұға көшесінде алаңы 30 кв.м ашық аумақта қоқыс жанып, от көрші үйлердің қашасына 5 кв.м тарап кетті.
2020 жылғы 22 сәуірде 15 сағат 36 минутта Декабристер көшесінде жекеменшік үйде өрт болды. Көрші тұрған, 1953 жылы туылған ер адам қоқыс жағып, қараусыз қалдырған және шөп арқылы әп-сәтте маңында тұратын отбасының шаруашылық құрылысына, одан кейін үйге тарап кеткен.От 16 сағат 48 минутта 5 өрт сөндіру көлігінің және 24 отпен күресушінің көмегімен жойылды. Оқиға фактісін одан әрі талқылау және кінәліні жауапкершілікке тарту үшін іс қала Полиция басқармасына жолданды.
2020 жылғы 22 сәуірде 15 сағат 08 минутта Филатов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатындағы лоджияда алаңы 0,5 кв.м жеке киім-кешектер жанды. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда: отпен абайсыз болу.
Тәулік бойы өрт сөндіру бөлімшелері саяжай қоғамы ауданында және ашық аумақтарда шөптердің жануын сөндірудің 19 оқиғасына шықты. Жану алаңы 10 кв.м-ден бірнеше Га дейін жетеді. Жану себептері сол бұрынғыдай отпен абайсыз болып отыр. Өскемен қаласының ТЖБ құтқарушылары азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға аса мұқият қарауды, өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін ҚР заңнамасымен қарастырылған әкімшілік жауапкершіліктен басқа, өз мүлкіңізді жоғалтуыңыз бен саяжай учаскелеріне және көрші үйлерге қауіп төндіретініңіз жәйлі ойлануыңызды сұрайды.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты