
Өскеменнің тұрғыны өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықпен алау жаққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Өскемен қаласы ТЖ басқармасының инспекторлары полицейлермен бірлесе «Титан» саяжай массивінде рейд өткізді. Саяжай учаскелерін тексеріп, оның біреуінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықпен алау жағып жатқан, «қылмыс үстіндегі» бұзушыны ұстады: алау қараусыз қалдырылған, саяжай үйінен 50 метрден кем жерде орналасқан, өртеу арнайы темір ыдыста жүргізілген жоқ, ал қасында алғашқы өрт сөндіру құралдары болған жоқ. Бұзушыдан алауды сөндіруін өтініп, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды, бұл бірінші ретте ескерту ғана, ал қайталанған жағдайда үш АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қаланың ТЖ басқармасы хабарлағандай, тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бірнеше рет бұзушылықтарды болдырмау туралы түсіндірілген болатын. Әйтседе, азаматтарөртқауіпсіздігіталаптарынанемқұрайлықарауынжалғастыруда, нәтижесіндесаяжайлардажәнеашықаумақтардажанулартәулікбойыөршіптұр. Оданбасқа, жағдайдыкөптегенқалдырыпкеткенсаяжайучаскелеріндегі2метргедейінөсіпкеткеншөптерқиындатады.
Рейд барысында құтқарушылар мен полицейлер мұқият болған азаматтарды да тапты, олар талаптарға сай от жаққан: арнайы белгіленген алаңда, қашықтықты сақтаумен және алғашқы өрт сөндіру құралдары бар.
Демалыс күндері, айтарлықтай, осындай жанулар екі есе көбейіп кетеді. Құтқарушылар мұқият болуды және жағдайды өртке дейін жеткізбеуді сұрайды. Жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікте болатынды естен шығармау қажет.
ӨскеменқаласыныңТЖБ ақпараты