Өрт сөндірушілер өрт кезінде 30 дан астам ара ұясын құтқарды

Өрт сөндірушілер өрт кезінде 30 дан астам ара ұясын құтқарды

Өскеменде Шиелі көшесінде өрт шықты. Жеке тұрғын үй шатырының ағаш құрылымдарын, сондай-ақ ферма ғимараты мен шатырдың  құрылымдары өртенген. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндірді.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жанып жатқан үй-жайдан 2 газ баллонды шығарып, 35 ара ұясын (әрқайсысында 30 мың ара) құтқарды.
Сөндіруге барлығы 4 бірлік техника мен жеке құрамның 19 адамы жұмылдырылды.
Өрт себебі бойынша – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда жанғыш негіз бойынша төселген электр сымдарының қысқа тұйықталуы болжамы қарастырылуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытында жоюды ұсынады.
Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.
Розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыз.
Кез - келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. 

Егер белгілі бір электр құрылғысын қосқан кезде жарық сәл күңгірт болса, бұл желінің шамадан тыс жүктелгендігінің басты белгісі. Бұл өрттің хабаршысы.

Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.