Назар аударыңыз аукцион!

Назар аударыңыз аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы 9 шілдедегі күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскесін мерзімі 6 (алты) жылға жалға алу құқығы:

  1. Бажов көшесінде, № 494 учаскенің маңында күрделі емес стационарлық емес құрылысты (жеңіл алынатын құрастырмалы-жиналмалы конструкциялардан жасалған сауда павильонын) орналастыру үшін ауданы 0,0016 га бастапқы бағасы 200 000 тг., жалдау 250 тг/жыл.
  2. Островский көшесіндегі, № 43 үйдің маңында шалғындандыру үшін ауданы 0,0404 га, бастапқы бағасы 160 000 тг., жалдау 6737 тг/жыл.
  3. Қ. Сәтпаев атындағы даңғылында, № 15 үйдің маңында сауда павильонын (жеңіл алынатын құрастырмалы-жиналмалы конструкциялардан) орналастыру үшін ауданы 0,0018 га, бастапқы бағасы 200 000 тг., жалдау 300 тг/жыл.
  4. Индустриальная көшесінде, № 15 тұрғын үйдің маңында құрастырмалы-жиналмалы модульдік конструкциялардан дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,01 га, бастапқы бағасы 300 000 тг., жалдау 1633 тг/жыл.

Жер учаскесін мерзімі 10 (он) жылға жалға алу құқығы:

  1. Осенний тұйық көшесінде компьютерлік диагностикалау пунктін жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,1270 га, бастапқы бағасы 600 000 тг., жалдау 19560 тг/жыл.
  2. Самар тас жолы бойында, № 1/2 учаскенің маңында өндірістік базаны жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,8 га, бастапқы бағасы 4 450 000 тг., жалдау 130622 тг/жыл.
  3. Шешек асуы маңында қысқы демалыс және спорт түрлерін ұйымдастырумен шаңғы тебу базасын жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 1,35 га, бастапқы бағасы 800 000 тг., жалдау 211046 тг/жыл.

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы:

  1. Қ. Сәтпаев атындағы даңғылында, № 36/1 үйдің маңында гараж боксын салу және орналастыру үшін ауданы 0,0030 га бастапқы бағасы 150000 тг, салық 417 тг/жыл.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы (минималды) бағасынан 5 пайызды құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру; Санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру жобасы әзірленсін, ғимараттардың күрделі құрылысын болдырмау; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163  қаулысымен белгіленген су қорғау белдеуінің аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шектеулі шаруашылық қызметі режимін сақтау; уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауға жол бермеу; қоршаулар, күзет пункттері, тыйым салатын белгілер орнату арқылы ортақ су пайдаланудың су объектілеріне халықтың қол жеткізуін шектеуге тыйым салынады, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу талап етіледі жағдайда.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:

аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес пайдалану, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, жер салығын уақытылы төлеу (жал төлемі).

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.

Жер учаскесін сатып алу-сату (немесе жалға алу) шарты хаттама негізінде екі жұмыс күні ішінде жасасылады.

Аукционды ұтып алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.

Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A, «ҚР ҚМ-нің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі: KZ340705034861501006. БК 16, ТМК 171.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі және аукцион басталуына 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар алу үшін телефон нөмірі: 8 (7232) 26-34-64.