Жаңа Бұқтырма кентінде өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды

Жаңа Бұқтырма кентінде өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды

2021 жылдың 11 мамырында 16 сағат 45 минутта Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентіндегі демалыс базасында өрт шықты.  Өрт 8 үйге, дәмхананың төбесіне және бір моншаға тез таралып кетті.  Оқиға орнына жедел келіп жеткен өрт сөндірушілер отпен күресуге кірісті. Өрт орнында 6 автоцистерна және жеке құрамнан 52 адам жұмыс істеді. Көмекке "Вельбот" қайығымен келген құтқарушылар, сондай-ақ Серебрянск қаласы мен Алтай қаласынан техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан 5 адам және ерікті өрт сөндіру жасағынан 10 адам қатысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 409 шаршы метр алаңда толығымен жойылды, үйлескен іс-қимылдар оттың таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Өрттің себебі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.

ШҚО ТЖД пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- Қауіпсіздіктің басты талабы - пешті жылыту дұрыс және пайдалануға дайын болуы керек.

- Өрт сонымен қатар пеш пен мен түтін мұржаларындағы, жағу саңылауларын қалаудағы жарықтар мен олқылықтар арқылы жанатын материалдар мен конструкцияларға жалынның, жағу газдары мен ұшқындардың әсер етуі нәтижесінде туындауы мүмкін.

- Жану қаупін азайту үшін пештің немесе мұржаның қабырғаларында қалыңдау – арақалқа болуы керек.

- Пештер мен түтіндіктер жарамды, жарықсыз, сыланған және әктелген болуы тиіс.

- Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оны қарауды балаларға тапсыруға тыйым салынады.

- Пешті оттыққа ұзындығы бойынша сыймайтын отынмен жақпаңыз.

Өрт шыққан жағдайда дереу "101", "112"нөмірлеріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі