
26 сәуірде Өскемен гарнизоны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригаданың құрылғанына 28 жыл толды.
Еліміздің тыныштығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі директивасының негізінде 1993 жылы 26 сәуірде Жарма ауданында аталған әскери бөлім құрылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен армияның жаңа түрін құру шеңберінде әскери қызметті жан-жақты трансформациялау және реформалау бойынша түпкілікті өзгерістер жүргізілді. Өзіндік тарихы қалыптасқан бөлімнен түлеп ұшқан офицерлер бүгінгі күні жауапты жетекшілік қызметте еңбек етіп, Қарулы Күштердің дамуына өз үлесін қосып келеді.
Өскемен шаһарында орналасқан әскери бөлімге 2019 жылдың 4 қыркүйегінде Қорғаныс министрінің бұйрығымен Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов есімі берілді.
Жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі де жүйеге қойылған. Әрдайым алдыңғы шептен көрініп келеді. Оған «Шұбаркөл» полигонында Ресей Федерациясының Қарулы Күштерімен бірлескен «Өзара іс-қимыл – 2008», «Өзара іс-қимыл – 2009», «Өзара іс-қимыл – 2019» оқу-жаттығулары, 2010-2011 жылдары өткен бірлескен жедел тактикалық оқу-жаттығулары, 2012 жылғы бірлескен бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы, сонымен қатар, «Айбалта –2015, 2016» оқу-жаттығуларындағы шеберліктері дәлел болады.
Әскери бөлім жауынгерлік әзірлікті одан әрі белсендірудің, кәсіби дағдыны барынша арттырудың, әскери және құқықтық тәртіптің жағдайын жақсартудың оң үрдісін сақтай білді. Әлемдік додада Қазақстанның Қарулы Күштерінің жауынгерлік даңқы мен абыройын арттырған әскерилердің жетістігі де мақтауға лайық. Мәселен, әскери бөлімнің жеке құрамы 2016 жылғы армия халықаралық ойындарындағы «Суворов шабуылы» жарысында жеңіспен оралды.
Әскери бөлімнің жеке құрамы мұнымен шектелген жоқ. Санкт-Петербург қаласы Қызыл селосындағы С.Киров атындағы Әскери-медицина академиясының оқу орталығында өткен «Әскери-медициналық эстафета» байқауынан Қазақстан құрама командасының механик-жүргізушісі, 3-ші сыныпты сержант Нұрлан Майхановта жүлдемен оралды. Ол жеңіл броньды көп мақсатты тартқышты жүргізіп, кедергілер жолағы мен атыс шебінен өтуде кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.
- Мен осы батыр атамыз Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімде мерзімді әскери қызмет атқарып келемін. Осында граната атқыш мамандығын меңгерудемін. Әскери тәртіпті, қару ұстауды үйрендік. Бастысы Отан алдындағы міндетімізді адал, абыроймен атқару, - деді аталмыш бөлімнің мерзімді әскери қызметтегі сарбазы қатардағы жауынгер Серікбол Жексенбі.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әр жылдарда III дәрежелі «Айбын», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ел Қорғаны» медальдерімен марапатталып жүрген әскери қызметшілер де баршылық.
2018 оқу жылының қысқы мерзімінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бөлімдері мен құрылымдарының батальондары арасындағы «Мерген батальон» жарысында бригаданың 2 мотоатқыштар батальоны бірінші орынды ұтып алды. 2019 жылғы «Үздік минаатқыштар батареясы» тағы да бірінші орынды жеңді. Дәл осы мотоатқыштар батальоны ҚР Қарулы Күштерінің жедел-стратегиялық командалы-штабтық «Айбалта-2019» жаттығуында да кәсіби шеберлікте жетістіктерге жетті.
- Жеке құрамға сабақтарды өткізу барысында қазіргі заманғы қарулы шиеленістердің ерекшеліктерін терең зерделеу міндеті қойылып отыр. Жалпы алғанда әскери қызметшілердің кәсіби білімі мен біліктіліктерін пысықтау, дербес және бірлескен іс-қимылдар кезінде қару-жарақ пен әскери техниканы сенімді қолдануға даярлау сынды мақсаттар жетерлік. Өйткені әскердің жауынгерлік қабілетін ұдайы арттырудамыз, – дейді Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімнің командирі подполковник Аслан Кітапбаев.
Әскери бөлімнің жеке құрамы батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, еліміздің стратегиялық маңызды аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауынгерлік міндеттерін абыроймен атқара бермек.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
В целях обеспечения охраны спокойствия страны на основании директивы Министерства обороны Республики Казахстан 26 апреля 1993 года в Жарминском районе была создана данная войсковая часть.
Под руководством Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Нурсултана Назарбаева в рамках создания нового типа армии были проведены коренные преобразования по всесторонней трансформации и реформированию военной службы. Офицеры, вышедшие из бригады, где сложилась своя история, сегодня трудятся на ответственной руководящей должности и вносят свой вклад в развитие Вооруженных Сил.
Войсковой части, расположенной в городе Усть-Каменогорск, приказом министра обороны от 4 сентября 2019 года присвоено имя Халық Қаһарманы Касым Кайсенова.
В систему также включена боеготовность личного состава. Всегда видно с передовой. Об этом свидетельствуют совместные учения «Взаимодействие-2008» с Вооруженными Силами Российской Федерации на полигоне «Чебаркуль», «Взаимодействие – 2009», «Взаимодействие-2019» совместные оперативно – тактические учения, 2010-2012 годов совместные бригадно-тактические учения, а также умения в учениях «Айбалта – 2015, 2016». Войсковая часть сохранила положительную тенденцию дальнейшей активизации боевой готовности, максимизации профессиональных навыков, улучшения состояния воинской дисциплины и правопорядок. Заслуживают похвалы и достижения военных, которые на мировых соревнованиях повысили боевую славу и честь Вооруженных Сил Казахстана. Так, личный состав воинской части вернулся с победой в соревнованиях «Суворовский натиск» на Армейских международных играх 2016 года. Личный состав воинской части этим не ограничивался. В конкурсе «Военно-медицинская эстафета», проходившем в учебном центре Военно-медицинской академии им.С. Кирова г. Санкт-Петербурга, механик-водитель сборной команды Казахстана, сержант 3-го класса Нурлан Майханов вернулся с призом. Он вел многоцелевой тягач легкий бронированный, демонстрируя высокий уровень профессионализма в преодолении полосы препятствий и огневых рубежей.
- Я несу срочную воинскую службу в воинской части имени нашего деда-героя Касыма Кайсенова. Здесь я осваиваю профессию гранатометчика. Учились военному порядку, владению оружием. Главное-добросовестно и достойно выполнять свой долг перед Родиной, - сказал рядовой Серикбол Жексенби, военнослужащий срочной службы этой части.
- Указом Президента Республики Казахстан в разные годы имеются военнослужащие, награжденные орденами «Айбын» III степени, медалями «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ел Қорғаны».
В зимний период 2018 учебного года в соревнованиях «Снайперский батальон» среди батальонов частей и формирований Сухопутных войск ВС РК первое место занял 2 мотострелковый батальон бригады. «Лучшая минаметная батарея" 2019 года вновь завоевала первое место. Именно 2 мотострелковый батальон части добился успехов в профессиональном мастерстве и в оперативно-стратегическом командно-штабном учении Вооруженных Сил РК «Айбалта-2019".
Личному составу в ходе проведения занятий ставится задача углубленного изучения особенностей современных вооруженных конфликтов. В целом, достигнуты такие цели, как отработка профессиональных знаний и квалификаций военнослужащих, подготовка к надежному применению вооружения и военной техники при самостоятельных и совместных действиях. Ведь мы постоянно повышаем боеспособность войск, - говорит командир воинской части имени Халық Қаһарманы Касыма Кайсенова подполковник Аслан Китапбаев.
Личный состав воинской части продолжает боевые традиции предков-героев и с честью выполняет боевые задачи по обеспечению безопасности в стратегически важном регионе страны.
Пресс-служба Усть-Каменогорского гарнизона