«Жақсылық жасауға асығайық» жыл акциясы аясында

«Жақсылық жасауға асығайық» жыл акциясы аясында

Наурыз мерекесіне арналған «Көктемгі тамшылар» балалар-жасөспірімдер клубтарының VII көктемгі фестивалі 2021 жылы ON-LINE форматында өткізіледі.
Іс-шараның негізгі міндеті балалар мен жасөспірімдерді қазақ халқының мәдени мұрасына тарту, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың тарихи мұрасына баулу болып табылады.
Іс-шараға 28 балалар-жасөспірімдер клубы қатысады. Мерекелік іс-шаралардың сценарийлері әзірленді. Балалар шығармашылығының көрмелері құрылды. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар әзірленді: тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас. Көктемгі фестиваль іс-шараларына балалар-жасөспірімдер клубтарының 500 білім алушысы қатысады.
«Көктемгі тамшылар» фестивалінің қорытындысы 19 наурыз күні сағат 15.00-де ZOOM платформасында ЖІГЕР-NEWS тележаңалықтар форматында балалар-жасөспірімдер клубтарының «тікелей көрсетілімі» болады.