
«Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының мәліметінше, 4 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болады.
5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты қар күтіледі. Солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсуі ықтимал.
Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа, кейін батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
5 қараша күні түнде және күндіз ауа температурасы -5…-10°С, облыстың шығысында -13°С дейін төмендейді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
• Мүмкіндігінше елді мекендерден шықпаңыз;
• Көлік жүргізушілер жылдамдықты төмендетіп, қашықтықты сақтаңыз;
• Жаяу жүргіншілер мұзда абай болыңыз, асықпаңыз;
• Қатты жел кезінде электр сымдары мен тербеліп тұрған заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
• Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.