Меню

Страницы

Статья

Құрметті өскемендіктер! Ақпанның басында қала әкімінің тұрғындармен кездесуі өтеді

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ахуал кездесуді үйреншікті форматта өткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан әкімдік кездесулерді әлеуметтік желілер мен ZOOM сервисі арқылы онлайн форматта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап отыр.

Ықшам аудандарының тұрғындарымен барлығы төрт кездесу және қорытынды бір кездесу өтеді. Онлайн кездесуге шақыртудың сілтемесін кездесуден бір күн бұрын АБО (ЖӨБК), ПИК арқылы және үй төрағасы арқылы алуға болады.

Сондай-ақ,  1300, +7 777 286 9449 номерлары бойынша call-орталық және +7 708 150 1419 номері бойынша WhatsApp мессенджері арқылы жолданымдар мен сауалдар қабылданады.

Сіздер жолданымдарыңызды осы номерлерге жібере аласыздар немесе әкімдіктің @akimatoskemen парақшасындағы пост-афишаның астында пікір ретінде қалдыруға болады.

Барлық жолданымдар талданып, олардың негізінде 2021 жылға арналған жұмыстардың жоспары құрылады және де қосымша қаржыландыру ұйымдастырылады. Жиі қойылған және өзекті сұрақтар бойынша қала әкімі онлайн-конференция барысында жауап береді. Конференциялар әкімдіктің парақшасында да тікелей эфирде көрсетіледі. 

Әкімдіктің парақшасында пікір ретінде жолданым қалдыру кезінде өзіңіз жайлы мәліметті көрсетулеріңізді сұраймыз: аты-жөніңіз  бен тегіңіз, мекен-жайыңыз бен байланыс телефоныңыз.

Конференцияларды өткізу кестесі:
2 ақпан, 10:00 -  Согра и Жаңа Согра ықшам аудандарының тұрғындарымен конференция.
 3 ақпан, 10:00 – ЖМК, Сол жақ Жағалау, 19 ықшам аудандары, Меновное, Ахмер, Новоявленка, Прудхоз, Ново-Троицкое кенттерінің тұрғындарымен конференция.
4 ақпан, 10:00 – қаланың бұрыңғы Үлбі ауданының, Прохладная, Әуежай, Защита ықшам аудандарының тұрғындарымен конференция.
5 ақпан, 10:00 – қаланың бұрыңғы Октябрь ауданының, Аблакетка ықшам ауданының тұрғындарымен конференция.
10 ақпан, 10:00 - қала тұрғындарымен қорытынды конференция.

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы