Меню

Страницы

Статья

«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығымен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың жаңа қағидалары бекітілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36186 болып тіркелген).

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі: «электрондық үкіметтің» веб-порталы.

Тұрғын үй сертификаты халықтың әлеуметтік осал топтарынан ЖАО-ның кезекте тұрғандары үшін ипотекалық кредиттеу бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға беріледі (бұрынғы «Бақытты отбасы» бағдарламасы). Бағдарламаның қаржылық операторы «Отбасы Банкі «ҚТҚЖБ» АҚ болып табылады. Сертификат мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1,5 млн.теңгеден аспайды.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген). Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде беріледі:

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) табысы болмаған жағдайда;

2) көрсетілетін қызметті алушыда және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі. (2025 жылы-143 306 теңге).

2019-2024 жылдары Өскемен қаласы бойынша барлығы 283 тұрғын үй сертификаты берілді, оның ішінде: көпбалалы отбасылар-56, толық емес отбасылар-87, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар-110,мүгедектігі бар адамдар- 2, жетімдер-9, сұранысқа ие мамандар -1.

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
18 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
14 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы