2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есебі
Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі заңды және жеке тұлғаларға техникалық инспекция саласында бес Мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы барлығы 3746 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде түрлері бойынша:
Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық нысанда e-license веб-порталы арқылы не қағаз нысанда бөлімнің кеңсесіне тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі кеңсе арқылы 1 - ден 2 күнге дейін, портал арқылы 1 күн.
2025 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы санының 82 пайызы бөлімнің кеңсесі арқылы өтті және тек 18 пайызы электронды түрде.
Бөлімде стендте Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат (стандарт, өтініш үлгісі, ереже) орналастырылған.
Өскемен қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінде 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Өскемен қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері санының өсу қарқыны
2025 жылғы 1 қаңтарға тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы саны 42338 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 37086 бірлікті құрады, өсу қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,5% -. құрады.
Бірыңғай кешенді бағдарлама
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында «Бірыңғай кешенді бағдарлама» (бұрынғы «БЖК-2025») шеңберінде 2024 жылы 7,1 млрд.теңге кредит сомасына қаланың 161 жобасына кепілдік берілді, кепілдіктер сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайды.,
Субсидияланған жобалардың жалпы саны 329, оның ішінде «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» (2-бағыт) бағыты бойынша жалпы кредит сомасы 13,6 млрд.теңгеге 176 жоба субсидияланды, портфельдік субсидиялау бойынша жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге 152 жоба іске асырылды. 2024 жылы «Тетік шеңберінде субсидиялау» («Қарапайым заттар экономикасы») бағыты бойынша жалпы сомасы 3 млрд. теңгеге 1 жоба іске асырылуда
«Ақ Ниет»
«Ақ Ниет» өңірлік жеңілдікті кредиттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 11 айында 2,3 млн. теңгеге 214 жоба қаржыландырылды (өткен жылдардың қайтарымды қаражатынан).
Гранттық қаржыландыруды жалпы сомасы 31,9 млн. теңгеге 7 кәсіпкер алды.
«Индустрияландырудың бірыңғай картасы»
ҚР «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру мониторингі индустрияландырудың бірыңғай картасы арқылы жүзеге асырылады, ол өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы болып табылады.
Қазіргі уақытта сабақтастықты ескере отырып, Өскемен қаласы бойынша жобалар іске асырылуда:
ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қалада мынадай жобалар іске асырылуда: