2025 жылы "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есеп

Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімімен Мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:

  1. Спорттық дәрежелерді беру: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер екінші санатты, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.
  2. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану.
2025 жылы "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есеп
Дата публикации
15 апреля 2026