Бөлімнің қызметі Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 94 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала аумағында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 158/НҚ, 2024 жылғы 20 мамырдағы № 284/НҚ, 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/НҚ, 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрықтарына сәйкес Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 17 түрін көрсетеді.