Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қызметінің есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 339/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілді. Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 57 түрін көрсетеді. Барлық мемлекеттік қызметтерді көрсетуге нормативтік-құқықтық актілер (Өскемен қаласы әкімінің сайтында) бар.

2025 жылы қала тұрғындарына: - 31660 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде: жеке тұлғаларға – 27713; заңды тұлғаларға – 3947), оның ішінде: 66 қағаз нысанда, 4357 қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда; 45170 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, электрондық форматта, оның ішінде: «электрондық үкімет» веб-портал арқылы – 22067 (ақпараттық жүйелер арқылы - 916, «электрондық үкімет «веб – порталы» арқылы - 17134, «Е – Лицензиялау» МДҚ арқылы - 4017).

Электрондық қызметтердің үлесі – 69,7 % құрайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қызметінің есебі
Дата публикации
10 февраля 2026