«Өскемен қаласының жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 3292 «Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстары ауданында екі қайталама тұндырғышты коммуналдық меншікке қабылдау туралы» қаулысын ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты 2025 жылғы 18 маусымдағы № 6892 мүлікті сатып алу-сату шарты бойынша жеке меншік құқығында Өскемен қаласы Сол жағалаудағы кәріз тазарту құрылыстары маңында мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде орналасқан Кайнар Дуйсенович Дуйсеновке тиесілі «КОС-3 кезек» аяқталмаған құрылысының екі қайталама тұндырғышын мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
Мемлекет мұқтажы үшін «КОС-3 кезек» аяқталмаған құрылысының екі қайталама тұндырғышын мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 1 маусым.
- «Өскемен қаласының жер қатынастыры, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланған соң күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей меншік иесіне «КОС-3 кезек» аяқталмаған құрылысының екі қайталама тұндырғышы мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және оны заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
- Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Өскемен қаласының жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне жүгінуге құқықты.
- «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Өскемен қаласының жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
- «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап оны үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы
А. Маулетханов