Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасына баспасөз релизі

Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»  шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 1997 жылдың  16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 4 тармағымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 4 тармағына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар  ағымдағы және жинақтаушы жарналарға ауыстырылды.  

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, бекітілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығындар мен мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесі 7%-дан 5%-ға азайту қарастырылған, бұл тұрғын үй көмегінің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасына баспасөз релизі
Дата публикации
12 января 2026