2026 жылғы 1 қаңтарға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат

2025 жылғы Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 102,0%-ға орындалды, 79 091 737,8 мың теңге болжамында 80 651 246,2 мың теңге түсті, 1 559 508,4 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 74 511 682,0 мың теңге болжамында, 75 022 414,2 мың теңгені немесе 100,7% құрады.

Салықтық емес түсімдер 563 027,8 мың теңге болжамында, 633 129,4 мың теңгені немесе 112,5% құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 4 017 028,0 мың теңге болжамында, 4 995 702,7 мың теңгені немесе 124,4% құрады.

2025 жылғы бюджеттің шығыс бөлігі 99,3%-ға орындалды. 162 991 524,5 мың теңге жоспарында орындалу 161 921 138,6 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 8 342 597,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 8 342 500,7 мың теңгені немесе 100,0% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 28 722 389,4 мың теңге жоспарында, орындалуы 28 715 942,0 мың теңгені немесе 100,0% құрады.

2026 жылғы 1 қаңтарға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат
Дата публикации
12 января 2026