Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 5- тармағымен.
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 146 269 196 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 125 273 227 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 604 280 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 877 459 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 11 514 230 мың теңге;
2) шығындар – 144 896 882 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 042 404 мың теңге,
соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 1 042 404 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 329 910 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -329 910 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 329 910 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. Өскемен қаласының 2026 жылға арналған бюджетінде облыстық
бюджеттен, Өскемен қаласының бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар – 0
мың теңге. Өскемен қаласының бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік
қайтарып алулардың көлемі – 90 986 458 мың теңге екендігі ескерілсін.
3. Өскемен қаласының 2026 жылға арналған жергілікті атқарушы
органының резерві 4 888 593 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. 2026 жылға арналған кірістерді бөлу нормативтері атқарылуға әлеуметтік
салық бойынша – 1 % алынсын.
5. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш