Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 23 қарашадағы № 24-3 қаулысы

2020 жылғы  23  қараша
Өскемен қаласы

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы, 2020 жылғы 17 қарашадағы  шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы, іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы- 17,1%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,96, ШҚО CОVІD-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» жатқызылғанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасы, 2-тармағының 3)-тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 23 қарашадағы № 24-3 қаулысы
Дата публикации
24 ноября 2020