Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №123 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Құжат әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібін, әкімдік қаулылары мен әкімнің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ Президенттің, Үкіметтің және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындауды бақылауды реттейді.
Негізгі ережелер:
Әкімдік отырыстары ай сайын өткізіледі, материалдарды дайындау және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тәртібі нақтыланып, стандартталды.
Жобаларды келісудің бірыңғай қағидалары енгізілді, оның ішінде белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда «үнсіз келісім» қағидасы қолданылады.
Тапсырмалар мен нормативтік актілердің орындалуын бақылау тәртібі айқындалды.
Қабылданған шешімдер бойынша пресс-релиздерді жариялау талаптары белгіленді.
Күшін жойған құжаттар:
2016 жылғы 10 маусымдағы №663 және 2022 жылғы 1 шілдедегі №2264 әкімдік қаулылары.
Бұл өзгерістер Өскемен қаласы әкімдігінің қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.