2025 жылғы 1 қыркүйекке Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 114,0%-ға орындалды, 48 930 980,5 мың теңге болжамында 55 772 621,2 мың теңге түсті, 6 841 640,7 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 47 858 816,3 мың теңге болжамында, 53 891 848,8 мың теңгені немесе 112,6% құрады.

Салықтық емес түсімдер 274 864,0 мың теңге болжамында, 415 568,6 мың теңгені немесе 151,2% құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 797 300,2 мың теңге болжамында, 1 465 203,8 мың теңгені немесе 183,8% құрады.

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 98,3%-ға орындалды. 97 334 452,3 мың теңге жоспарында орындалу 95 661 096,2 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 7 602 684,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 6 130 279,3 мың теңгені немесе 80,6% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 17 065 719,5 мың теңге жоспарында, орындалуы 16 927 556,2 мың теңгені немесе 99,2% құрады.

2025 жылғы 1 қыркүйекке Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат
Дата публикации
10 сентября 2025