2025 жылғы 1 тамызға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат

2025 жылғы қаңтар-шілде айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 103,5%-ға орындалды, 46 088 452,2 мың теңге болжамында 47 698 555,6 мың теңге түсті, 1 610 103,4 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 45 016 288,0 мың теңге болжамында, 46 165 749,8 мың теңгені немесе 102,6% құрады.

Салықтық емес түсімдер 274 864,0 мың теңге болжамында, 344 020,1 мың теңгені немесе 125,2% құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 797 300,2 мың теңге болжамында, 1 188 785,7 мың теңгені немесе 149,1% құрады.

2025 жылғы қаңтар-шілде айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 97,3%-ға орындалды. 68 663 418,5 мың теңге жоспарында орындалу 66 815 571,8 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 5 776 477,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 5 178 723,4 мың теңгені немесе 89,7% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 15 297 462,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 15 105 053,3 мың теңгені немесе 98,7% құрады.

2025 жылғы 1 тамызға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат
Дата публикации
07 августа 2025