2025 жылғы 1 шілдеге Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат

2025 жылғы қаңтар-маусым айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 105,5%-ға орындалды, 40 775 788,2 мың теңге болжамында 43 020 786,1 мың теңге түсті, 2 244 997,9 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 39 942 071,7 мың теңге болжамында, 41 668 571,7 мың теңгені немесе 104,3% құрады.

Салықтық емес түсімдер 144 842,0 мың теңге болжамында, 302 263,1 мың теңгені немесе 208,7% құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 688 874,5 мың теңге болжамында, 1 049 951,3 мың теңгені немесе 152,4% құрады.

2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 98,5%-ға орындалды. 59 332 464,4 мың теңге жоспарында орындалу 58 425 326,1 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 5 582 007,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 4 747 937,8 мың теңгені немесе 85,1% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 12 040 345,9 мың теңге жоспарында, орындалуы 11 971 077,5 мың теңгені немесе 99,4% құрады.

2025 жылғы 1 шілдеге Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат
Дата публикации
15 июля 2025