2025 жылғы 1 маусымға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат

2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 126,8%-ға орындалды, 30 800 003,4 мың теңге болжамында 39 060 591,3 мың теңге түсті, 8 260 587,9 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 30 194 653,4 мың теңге болжамында, 37 885 583,1 мың теңгені немесе 125,5% құрады.

Салықтық емес түсімдер 100 278,0 мың теңге болжамында, 248 320,8 мың теңгені немесе 247,6% құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 505 072,0 мың теңге болжамында, 926 687,4 мың теңгені немесе 183,5% құрады.

2025 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 98,6%-ға орындалды. 46 847 079,0 мың теңге жоспарында орындалу 46 189 053,7 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 5 355 474,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 4 717 183,7 мың теңгені немесе 88,1% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 9 757 278,3 мың теңге жоспарында, орындалуы 9 743 473,3 мың теңгені немесе 99,9% құрады.

2025 жылғы 1 маусымға Өскемен қалалық бюджетінің атқарылуы бойынша ақпарат
Дата публикации
09 июня 2025