Тұрғын үй көмегі, әсіресе, аз қамтылған отбасылар мен азаматтардың басқа санаттары үшін өзекті болып қала береді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешімі негізінде тағайындайды.
Қазақстандағы жалғыз тұрғын үй иелері тұрғын үй көмегін алуға құқылы, ол үшін отбасы Өскемен қаласында тұруы және тіркеуде болуы қажет.
Тұрғын үй көмегі коммуналдық төлемдерге және тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған шығыстары, жергілікті мәслихат белгілеген, осы мақсаттарға арналған шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі.
Өскемен қаласында рұқсат етілген ең жоғарғы үлес отбасының жалпы табысының 7 пайызын құрайды.
Тұрғын үй көмегі жергілікті. бюжет есебінен төленеді.
Мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру тоқсанына бір рет:
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімі:
жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 жұмыс күн.
Кеңес алу үшін Шәкәрім даңғылы, 149/10 (18,19 кабинет) мекенжайы бойынша хабарласуға болады, байланыс телефоны 208556.