2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 152,8%-ға орындалды, 22 173 049,5 мың теңге болжамында 33 885 679,3 мың теңге түсті, 11 712 629,8 мың теңгеге артық орындалды.
Салықтық түсімдер 21 989 224,7 мың теңге болжамында, 32 865 273,2 мың теңгені немесе 149,5% құрады.
Салықтық емес түсімдер 71 746,0 мың теңге болжамында, 212 817,3 мың теңгені немесе 296,6% құрады.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 112 078,8 мың теңге болжамында, 807 588,9 мың теңгені немесе 720,6% құрады.
2025 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 99,4%-ға орындалды. 35 761 656,1 мың теңге жоспарында орындалу 35 549 419,7 мың теңгені құрады.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 4 644 653,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 4 449 731,6 мың теңгені немесе 95,8% құрады.
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 8 296 502,3 мың теңге жоспарында, орындалуы 8 282 547,7 мың теңгені немесе 99,8% құрады.