«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жылдық есебі

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғамемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жылдық есебі

Бөлімнің қызметі Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 94 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала аумағында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 158/НҚ, 2024 жылғы 20 мамырдағы  № 284/НҚ, 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/НҚ, 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрықтарына сәйкес Бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 17 түрін көрсетеді.

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

  • Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру;

3) Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;

5) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  • Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  • Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

8) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

9) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

  • Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

11) Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

12) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

13) Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру;

14) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

15) Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

  • Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

17) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды сүру) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім дайындау.

Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2024 жылы Бөліммен барлығы 15186 мемлекеттік қызмет көрсетілді (14172 жеке және 1014 заңды тұлға).

15186 қызметтің 1386-сы қағаз түрінде көрсетілген, оның ішінде:

60 - Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

288 - Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

104 - Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  • - Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

4348 электронды форматта көрсетілді, оның ішінде:

1369 - Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

221 - Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру;

2 - Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

1 - Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

1415 - Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

270 - Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

270 - Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім дайындау.

  • электрондық форматта ЭҮП арқылы көрсетілді:

4731- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

661 - Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

2999 - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру.

1061 қызмет қағаз түрінде, ХҚКО арқылы көрсетілді (1 - Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; 1 - Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; 1059 - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру).

Осылайша, электронды түрде көрсетілетін қызметтер саны 84% құрады.

1997 бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

49 - «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі бойынша;

44 - «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметі бойынша;

99 - «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»;

18 - Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

17 - Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

1475 - Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

4 - Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

34 - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;

150 - Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

  • - Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

0 - Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім дайындау.

Бас тартудың негізгі себептері: жобалардың Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларына сәйкес келмеуі, құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, құзыретіне байланысты қараудың мүмкін емесстігі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сілтеме жасаумен жер комиссиясының теріс қорытындысы, объектілерге құқықтардың тіркелмеуі; басқа мемлекеттік қызмет таңдалуы, қала құрылысы талаптарына сәйкес келмеуі, мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі, объектінің қаланың шекарасынан тыс орналасуы; қосылуға техникалық шарттар беруден бас тарту және т.б. болып табылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша халықты хабардар ету мақсатында 22.02.2024 жылы және 04.04.2024 жылы Бөлім қала әкімінің аппараты ұйымдастырған «Oskemen_Adaldyqalany» Instagram парақшасында тікелей эфирге қатысты.

Бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда мамандар автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді.

26.01.2024 жылы қала әкімдігінде «Өскемен қаласының атқарушы органдарының ҚР ӘРПК тәртібіндегі сот практикасы» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету, ӘРПК нормаларын сақтау мәселелері бойынша ШҚО МАӘС соттар өкілдерінің қатысуымен құқықтық білім мектебінің сабақтарын өткізу шеңберінде семинар-кеңес өткізілді.

Бөлім халықтың сауаттылығын арттыру және әкімдіктердің, жер қатынастары бөлімдерінің, нотариустардың өкілдерімен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында «Халық заңгері» іс-шарасына қатысты.

15.10.2024 жылы Бөлім халықтың сауаттылығын арттыру және әкімдіктердің, жер қатынастары бөлімдерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының өкілдерімен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасына қатысты.

29.11.2024 жылы ZOOM-платформасы режимінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті және ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі өкілдерінің қатысуымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, ӘРПК нормаларын сақтау мәселелері бойынша жұмыс семинар-кеңесі өткізілді.

2024 жылы Өскемен қаласы әкімінің аппаратымен 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 қыркүйек аралығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шарасы өткізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бөлім мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптары бойынша қайта даярлау және арттыру курстарында оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етті. 2024 жылы бөлімнің 2 маманы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне жеке тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына 5 шағым түсті:  3 шағым бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, 2 шағым бойынша мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылғы қыркүйекте Өскемен қалалық мәслихатының сессиясында Бөлімнің сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы және алдын алу, оның ішінде өтініш берушілермен тікелей байланысқа түспеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.

Бөліммен және Жер қатынастары басқармасымен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалымен бірлесіп, бірыңғай құқық қолдану практикасын әзірлеу және ЖКК-да жұмыс істеу бойынша тұрақты негізде бірлескен жұмыс жүргізіледі.

 

 

 

 

 

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жылдық есебі
Дата публикации
28 февраля 2025