«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ ауылдық елді мекендерге келген денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша (Меновное ауылы, Ахмирово ауылы, Ново-Ахмирово ауылы, Ново-Явленка ауылы, Ново-Троицкое ауылы, Прудхоз ауылы, Самсоновка ауылы), көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға (сатып алуға) несие түрінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №85702 болып тіркелген), келесі әлеуметтік қолдау шаралары белгіленді:
- көтерме жәрдемақысы;
- тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие.
2024 жылға біржолғы көтерме жәрдемақы мөлшері 369 200 теңгені (100 АЕК) құрайды. Бюджеттік кредит он бес жылға дейінгі мерзімге, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі және 7 384,0 мың теңгеден (2 000 АЕК артық емес) аспауы керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларына үміткерлер құжаттарды «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік нарығы otbasybank.kz/programm-bank порталы арқылы ұсынады, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) немесе куәландырылған бір реттік пароль арқылы. Әлеуметтік қолдау шараларын алу кезінде мамандар келесі міндеттемелерді қабылдайды:
- ауылдық жерде орналасқан мекемеде кемінде үш жыл жұмыс істеу; - жұмыс органына тоқсан сайынғы жұмыс орнынан анықтама беруге;
- Шарт талаптары орындалмаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаражатының толық қайтарылуын қамтамасыз ету.
- сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілген бюджеттік кредит сомасынан асатын болса, қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.
- тұрғын үй құрылысына жұмсалған шығындар берілген бюджеттік кредит сомасынан асатын болса, қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.
Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген берешегі жоқ қызмет алушыларға (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам кешіктіру болмаған жағдайда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үйді сатып алуға және салуға кредиттер түріндегі қолдау шараларына өтініші келіп түскен кезде республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданады.
2024 жылы көтерме жәрдемақы екі маманға әрқайсысына 369 200 теңгеден (100 АЕК) тағайындалды: Меновное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі және Меновное ауылындағы №1 МСАК жалпы тәжірибелік дәрігер. Көрсетілетін қызметті алушылар уақытында (тоқсанына бір рет) Меновное ауылындағы нақты жұмысы және тұрғылықты жері туралы растайтын құжаттарды ұсынады. Бөлімнің стендінде мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат (стандарт, өтініш үлгілері, ережелер) орналастырылған.
Өскемен қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінен 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Аталған мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында 2024 жылы ЖОО студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.