«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ ауылдық елді мекендерге келген денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша (Меновное ауылы, Ахмирово ауылы, Ново-Ахмирово ауылы, Ново-Явленка ауылы, Ново-Троицкое ауылы, Прудхоз ауылы, Самсоновка ауылы), көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға (сатып алуға) несие түрінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 18 ақпандағы   №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 85702 болып тіркелген), келесі әлеуметтік қолдау шаралары белгіленді:

- көтерме жәрдемақысы;

- тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие.

2023 жылға біржолғы көтерме жәрдемақы мөлшері 345 000 теңгені (100 АЕК) құрайды. Бюджеттік кредит он бес жылға дейінгі мерзімге, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі және 6 900,0 мың теңгеден (2 000 АЕК артық емес) аспауы керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларына үміткерлер құжаттарды «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік нарығы otbasybank.kz/programm-bank порталы арқылы ұсынады, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) немесе куәландырылған бір реттік пароль арқылы.            Әлеуметтік қолдау шараларын алу кезінде мамандар келесі міндеттемелерді қабылдайды:   

- ауылдық жерде орналасқан мекемеде кемінде үш жыл жұмыс істеу;   

- жұмыс органына тоқсан сайынғы жұмыс орнынан анықтама беруге;   

- Шарт талаптары орындалмаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаражатының толық қайтарылуын қамтамасыз ету.

- сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілген бюджеттік кредит сомасынан асатын болса, қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.

- тұрғын үй құрылысына жұмсалған шығындар берілген бюджеттік кредит сомасынан асатын болса, қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.           

Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген берешегі жоқ қызмет алушыларға (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы  2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам кешіктіру болмаған жағдайда көрсетіледі.  Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үйді сатып алуға және салуға кредиттер түріндегі қолдау шараларына өтініші келіп түскен кезде республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданады.   

2023 жылы көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несиелерді алуға  өтініштер түскен жоқ. Бөлімнің стендінде мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат (стандарт, өтініш үлгілері, ережелер) орналастырылған.      Өскемен қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінен 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.           

Аталған мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында 2023 жылы ЖОО студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді. 

 

 

ЕСЕП
Дата публикации
04 февраля 2025