Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4 – VII «Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша женілдік белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнының 55 %;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ауғанстан аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне – тегін жол жүру.».