2024 жылғы 8 желтоқсанда №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 13130 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 8168 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихат депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ақанов Олжас Бақытбекұлы үшін сайлаушылардың 707 дауысы берілді,
Сагатов Алихан Талгатович үшін сайлаушылардың 616 дауысы берілді,
Сагидуллина Гульмира Габдулловна үшін сайлаушылардың 6398 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 94;
Сайлау қорытындысымен №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып:
Сагидуллина Гульмира Габдулловна, 1968 жылы туған, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» КММ директоры сайланды.
Өскемен қалалық сайлау комиссиясы