2024 жылғы 1 желтоқсанға Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2024 жылғы қаңтар-қараша айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 103,9%-ға орындалды, 64 869 218,8 мың теңге болжамында 67 400 220,6 мың теңге түсті, 2 531 001,8 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 60 106 933,7 мың теңге болжамында, 61 949 450,5 мың теңгені немесе 103,1% құрады.

Салықтық емес түсімдер 242 801,4 мың теңге болжамында, 283 662,9 мың теңгені немесе 116,8 % құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 4 519 483,7 мың теңге болжамында, 5 167 107,2 мың теңгені немесе 114,3% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қараша айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 99,0%-ға орындалды. 110 513 380,3 мың теңге жоспарында орындалу 109 394 393,1 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 17 560 772,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 16 756 219,2 мың теңгені немесе 95,4% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 23 282 787,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 23 150 351,1 мың теңгені немесе 99,4% құрады.

Дата публикации
05 декабря 2024