2024 жылғы 1 қарашаға Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2024 жылғы қаңтар-қазан айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 101,1%-ға орындалды, 60 540 277,8 мың теңге болжамында 61 209 506,2 мың теңге түсті, 669 228,4 мың теңгеге артық орындалды.

Салықтық түсімдер 55 918 920,0 мың теңге болжамында, 56 382 931,5 мың теңгені немесе 100,8% құрады.

Салықтық емес түсімдер 220 868,9 мың теңге болжамында, 249 729,9 мың теңгені немесе 113,1 % құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 4 400 488,9 мың теңге болжамында, 4 576 844,8 мың теңгені немесе 104,0% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қазан айларындағы бюджеттің шығыс бөлігі 92,2%-ға орындалды. 104 358 550,1 мың теңге жоспарында орындалу 96 231 957,0 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 17 205 620,0 мың теңге жоспарында, орындалуы 11 669 893,4 мың теңгені немесе 67,8% құрады.

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 21 921 418,7 мың теңге жоспарында, орындалуы 21 857 554,4 мың теңгені немесе 99,7% құрады.

Дата публикации
07 ноября 2024