2024 жылғы 1 қазанға Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2024 жылдың наурыз айында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 100,0%-ға орындалды, 56 280 205,6 мың теңге болжамында                       56 286 486,4 мың теңге түсті, 6 280,8 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.

Салықтық түсімдер 52 473 062,8 мың теңге болжамында, 52 828 908,9 мың теңгені немесе 100,7% құрады.

Салықтық емес түсімдер 194 276,6 мың теңге болжамында 215 364,5 мың теңгені немесе 110,9 % құрады.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3 612 866,2 мың теңге болжамында 3 242 212,9 мың теңгені немесе 89,7 %  құрады.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бюджеттің шығыс бөлігі 93,1%-ға орындалды. 96 816 324,7 мың теңге жоспарында,орындалу 90 095 041,8 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен трансферттер 16 216 623,0 мың теңге жоспарында, орындалу 11 248 009,2 мың теңгені немесе 69,2%-ды құрады.

Облыстық бюджеттен трансферттер 20 177 335,5 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 100%-ды құрады.

 

Дата публикации
10 октября 2024