Қаржы-бюджет саласындағы сыбайлас жемқорлық ауқымын азайту басым бағыттардың бірі болып қала береді. Күрделі құрылыс пен реконструкциялауға арналған бюджеттің жыл сайынғы қаражаты 36 млрд.теңгеден асады. Дәл осы салада сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болу қаупі жоғары.