Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

13- тармақта:

2) тармақша мынандай мазмұндағы алтынша абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінде белгілеген тәртіппен өтініштерді, шағымдарды, петицияларды қарау.»;

14- тармақ мынандай мазмұндағы 25-4) тармақшасымен толықтырылсын:

«25-4) шығармашылық индустрияны дамыту».

  1. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды кабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Дата публикации
04 июня 2024