2024 жылдың наурыз айында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 159,8%-ға орындалды, 7 011 343,5 мың теңге болжамында 18 732 214,3 мың теңге түсті, 11 720 870,8 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.
Салықтық түсімдер 11 343 785,2 мың теңге болжамында, 18 161 468,2 мың теңгені немесе 160,1% құрады.
Салықтық емес түсімдер 50 795,6 мың теңге болжамында 77 064,3 мың теңгені немесе 151,7 % құрады.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 326 290,0 мың теңге болжамында 493 681,8 мың теңгені немесе 151,3 % құрады.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айында бюджеттің шығыс бөлігі 100%-ға орындалды. 21 599 314,6 мың теңге жоспарында,орындалу 21 597 633,0 мың теңгені құрады.
Республикалық бюджеттен трансферттер 4 149 059,0 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 4 148 946,7 мың теңгені немесе 100%-ды құрады.
Облыстық бюджеттен трансферттер 4 918 545,0 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 100%-ды құрады.