Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4), 5) тармақшаларына, 85-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Самрук-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 1/16 хаттамасын ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жылу электр орталығы (ЖЭО) объектілерін салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мынадай жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

1) Өскемен қаласы әкімінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 1139 шешімінің, «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 33 бұйрығының, 2008 жылғы 20 наурыздағы № 0082188 уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актінің негізінде Галимжан Советханович Ибрагимовқа мерзімі 2045 жылғы 18 сәуірге дейін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында тиесілі нысаналы мақсаты шаруа қожалығын жүргізу үшін Ново-Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 10,0 км жерде орналасқан кадастрлық нөмірі 05-085-142-299, ауданы 68,6 га жер учаскесінен ауданы 26,08 га;

2) 2017 жылғы 19 маусымдағы жылжымайтын мүлікті жарғылық капиталға беру шартының, Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 3093 қаулысының, 2018 жылғы 01 тамыздағы № 864 уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының негізінде «Фирма ш.к.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында тиесілі нысаналы мақсаты тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Ахмер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8,0 км жерде орналасқан кадастрлық нөмірі 05-085-142-296, ауданы 130,83 га жер учаскесінен ауданы 14,0 га.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні - 2024 жылғы 01 қыркүйек.

  1. «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жер пайдаланушыларға жер учаскелерінің мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және заңды талап ретінде оның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер пайдаланушылар «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылы.
  3. «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
  4. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
  5. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімінің сайтында жарияласын.

Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Дата публикации
12 апреля 2024