«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық соты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 6399-23-00-4а/341 қаулысын назарға ала отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хайдар Маратович Акрамовқа 2022 жылғы 11 ақпандағы № 61 сатып-алу сату шартының негізінде жеке меншік құқығында тиесілі, нысаналы мақсаты – тұрғын үйлер тобын салу және орналастыру үшін кадастрлық нөмірі 05-085-050-877 ауданы 0,8255 га Астана көшесіндегі, 50, 23 учаске, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін (ортақ пайдаланудағы объектілерді салу үшін: өтпежолдарды ұйымдастыру және инженерлік коммуникацияларды салу үшін) мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні – 2024 жылғы 1 қыркүйек.
- «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей меншік иесіне жер учаскенің мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және заңды талап ретінде оның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін.
- Келісімдеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылы.
- «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
- «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, оны бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімінің сайтында жарияласын.
Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар