Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4 – VII «Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімілімінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 8387 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру азаматтардың келесі санаттарына белгіленсін:
1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнының 55%;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға, ауғаныстан соғыс ардагерлеріне - тегін жол жүру.».
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Өскемен қаласының жетекшілік ететін әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы А. Светаш