2024 жылғы 1 ақпанға Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2024 жылғы 1 ақпанға Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

2024 жылдың қаңтар айында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 362,1%-ға орындалды, 1 237 220,0 мың теңге болжамында  4 480 424,3 мың теңге түсті, 3 243 204,3 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.

Салықтық түсімдер 1 237 220,0  мың теңге болжамында, 4 409 660,1 мың теңгені немесе 356,4% құрады.

Болжамды көрсеткіштер болмаған кездегі салықтық емес түсімдер 9 057,7 мың теңге құрады.

Жоспар болмаған жағдайда негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 61 706,4 мың теңге құрады.

2024 жылдың қаңтар айында бюджеттің шығыс бөлігі 100%-ға орындалды. 2 327 760,0 мың теңге жоспарында,орындалу 2 326 610,6 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен трансферттер 177,0 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 116,5  мың теңгені немесе 65,8%-ды құрады.

Облыстық бюджеттен трансферттер 1 090 363,0 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 100%-ды құрады.

Ақпарат
Дата публикации
16 февраля 2024