Аналитикалық анықтама «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) құзыреті бөлімнің ережесінде айқындалған.
Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) басшысының 26.04.2023 жылғы № 12 бұйрығы негізінде жұмыс тобы 2023 жылғы 05 мамыр мен 05 маусым аралығындағы кезеңде бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген) талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бірінші бағыт бойынша – бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1.1. Бөлімде Мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.
Жыл басынан бері (4 ай) барлығы 1155 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- Тракторист машинист куәлігін беру-514;
- Жыл сайынғы техникалық байқау өткізу-473;
- Трактор кепілін мемлекеттік тіркеу-8;
– Тракторлар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру-160.
1.2. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тізбеге сәйкес құжаттарды "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге) не қағаз нысанда тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне ұсынады.
2023 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы санының 80 пайызы бөлімнің кеңсесі арқылы өтті және тек 20 пайызы электронды түрде.
1.3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысының болуы.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысының болуы сақталады, өйткені өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Осылайша, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы болады, бұл мемлекеттік қызметті көрсету кезінде заңсыз артықшылық беру мүмкіндігі түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеп соғады.
Ұсынымдар: Бөлім Басшысына
-мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына мынадай өзгерістер енгізу үшін "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" ММ хат жолдасын: көрсетілетін қызметті алушының жеке қатысуын және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын талап ететін мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш беру тәсілдерін алып тастасын.
2. Екінші бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының төрағасы Г. Турганбаев
Жұмыс тобының мүшесі О. Кудайбергенов
Г. Сейткамзина
Н. Жумжуменова
Д. Молыкпаева
Жұмыс тобының хатшысы З. Уралбекова