ҚАУЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 10643 «Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1, 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 қосымшаларына сәйкес Өскемен қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 қосымшаларымен толықтырылсын.
Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар