Өскемен қаласының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытындылары

Өскемен қаласының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытындылары

Облыс орталығының  аумағының алаңшасы 54,8 га құрайды.   Халқы 01.12.2023 ж. – 374,4 мың адам. Ұлттық құрамы: қазақтар –50%, орыстар – 44,9%, басқа ұлттар  –5,1%.

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі  1 861,8 млрд. теңгені, НКИ –104,3%, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 1 761,8 млрд. теңгені (НКИ –104,6%) құрады.

2022 жылғы деңгейге жете алмау «Родничок» шқ мал шаруашылығы саласындағы қызметінің тоқтатылуына байланысты.

Ауылшаруашылығы өнімінің меншік көлемі  27,9 млрд. теңгені, НКИ – 95% құрады.

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі  309,7млрд. теңгені, НКИ –128,7% құрады.

Құрылыс жұмыстардың көлемі 156,5 млрд. теңгені, НКИ – 125,5% құрады.

Енгізілгені 278,9 мың ш.м. тұрғын үй өсім қарқыны  113,5% . Салынғаны 17 көп қабатты үйлер және 1 843 пәтер және 360 ЖТҚ. 

Әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36 520 бірлікті  101% құрады.

Жекелей тауарайналымның көлемі 972,1 млрд. теңгені, НКИ   –106,7% құрады.

2023 жылға қаланың бюджеті   121,2 млрд. теңгені (48,9% – трансферттер, заемдердің түсімі) құрады.

2024 жылғы 1 қаңтар жағдайына мемлекеттік бюджетке 375,2 млрд. теңге (өсім қарқыны 124,6% және болжамға 91,5%), республикалық бюджетке  – 247,7 млрд. теңге (өсім қарқыны  128,2%  және болжамға 86,4% ), жергілікті бюджетке  – 127,5 млрд. теңге (өсім қарқыны – 118,1% және болжамға 103,3%).

Қоғамдық жұмыстарға бағытталғаны 1 178 адам,  жастар тәжірібиесіне  172 адам, әлеуметтік жұмыстарға  – 173  адам, қайта даярлауға – 255  адам,  құрылғаны  13 028 жұмыс орындары, оның ішінде  тұрақты -  10 640.

Төленген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  – 286,5 млн. теңге, тұрғын-үй көмегі  – 4,7 млн. теңге.

Орташа номиналды жалақы төлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына  334,4  мың теңге, өсім қарқыны – 117,9% құрады.

Білім беру.  15,6 мың бала контингентімен 103 мектепке дейінгі ұйымдар әрекет етеді. 3 тен 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі білім берумен  балаларды қамту – 100%.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орта есеппен  1 компьютерге 4,0 оқушыны құрайды. Кең жолақты интернетке 49 мектеп немесе 100% қосылған.

Денсаулық сақтау. Қала тұрғындарына 65 емдеу мекемесі медициналық көмек көрсетеді.

Туберкулезбен аурушаңдық 6,2%-ға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 40,6-ны құрады, туберкулезден болатын өлім-жітім 66,7%-ға 100 мың халыққа 1,1 құрады.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 10,4%-ға, қатерлі жаңадан аурушаңдық 4,3%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 27,2%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 30 пайызға артқан. Сәби өлімі 15,2%-ға өсіп, 1 мың тірі туғандарға шаққанда 7,6 жағдайды құрады.

Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді (100 мың тірі туғанға 19,5% ).

Қоғамдық қауіпсіздік.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 24,7%-ға (972-ден 732-ге), көшелерде 6,7%-ға (405-тен 378-ге), аса ауыр қылмыстар 3%-ға (99-дан 96-ға) азайды.

 

Өскемен қаласының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытындылары
Дата публикации
02 февраля 2024