2024 жылғы 1 қаңтарға Өскемен қалалық бюджетінің орындалуы туралы ақпарат
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өскемен қаласының бюджетіне түскен меншік кірістер түсімдері 100,3%-ға орындалды, 61 955 696,0 мың теңге болжамында 62 148 694,5 мың теңге түсті, 192 998,2 мың теңге – жоспардан тыс түсімдер.
Салықтық түсімдер 55 395 448,2 мың теңге болжамында, 56 530 462,0 мың теңгені немесе 102,0% құрады.
Салықтық емес түсімдер 421 349,8 мың теңге болжамында 497 099,5 мың теңгені немесе 118,0 % құрады.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 6 138 898,0 мың теңге болжамында 5 121 132,9 мың теңгені немесе 83,4% құрады.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бюджеттің шығыс бөлігі 98,7%-ға орындалды. 123 186 602,1 мың теңге жоспарында,орындалу 121 527 879,5 мың теңгені құрады.
Республикалық бюджеттен трансферттер 18 963 180,0 мың теңге толық көлемде түсті, орындалу 18 099 611,5 мың теңгені немесе 95,4%-ды құрады.
Облыстық трансферттер трансферттер 31 680 558,6 мың теңге толық көлемде түсті,орындалу 31 012 217,5 мың теңгені немесе 97,9%-ды құрады.