ЖОБА
Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 59/3-VI
«Өскемен қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 59/3-VI «Өскемен қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 4 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияға жазылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық
мәслихатының төрағасы А.А. Светаш