2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қаланың жұмыспен қамту қызметіне лайықты жұмыс іздеуге ықпал етуге 11091 адам өтініш жасады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 2654 адамды құрайды.
Жұмыспен қамту қызметіне түскен кәсіпорындардың есептері бойынша 01.01.2024 жылға 59 адам босатылады.
01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 1 адам толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді.
2023 жылдың соңында жұмыспен қамтудың белсенді шаралармен 4757 адам қамтылған, соның ішінде тұрақты жұмысқа 2731, әлеуметтік жұмыс орындарына 173 адам, жастар іс-тәжірибесіне 172 түлек, қоғамдық жұмыстарға 1178 адам, «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жасы» жобалары бойынша - 503 адам орналасты.
Есепті кезеңде 13028 жұмыс орны құрылды.
«Электрондық еңбек биржасы» порталының ақпаратына сәйкес Өскемен қаласы бойынша бос жұмыс орындарының ең көп саны білім беру және тәрбиелеу – 167, өндіріс саласы-86, көлік және логистика – 70, медицина және фармацевтика -63, біліктілігі жоқ мамандықтар - 74, бос жұмыс орны бар.
Төртінші тоқсанда бос жұмыс орындарының жалпы санынан ең көп:
- автокөлік жүргізушісі – 108
- сатушы – 65
- аспаз – 61
- күзетші – 41
- тәрбиешінің көмекшісі – 40.