Өскемен қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Өскемен қаласы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
11 января 2024